
Пернебаев Ғани Адирбайұлы 1980 жылы 13 қараша күні Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сынтас ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімді. Ұлты Қазақ. Қ.А.Яссауй атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін 2002 жылы бітірген. Мамандығы информатика пәнінің мұғалімі.
Еңбек жолы:
-2002 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарабау ауыл округіндегі "Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс бастаған.
-2009-2015 жылдар аралығында Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарабау ауыл округіндегі "Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагог-психолог қызметін атқарған
-2015-2024 жылдар аралығындаТүркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарабау ауыл округіндегі "А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директор қызметін атқарған.
-2024 жылдың ақпан айының 21 күнінен бастап ауысу тәртібімен Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округіндегі "Қарабастау" жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне директор болып тағайындалды.
Біліктілік санаты: педагог-зерттеуші
